Режиссер Ёлқин Тойчиев және Аюб Шахобиддиновтың туындылары Халықаралық кинофестивальге қатысады.
Кинематография агенттігінің хабарлауынша, 20-26 сәуір аралығында GoEast халықаралық фестиваліне (Орталық және Шығыс Еуропалық фильмдер фестивалі) Ёлқин Тойчиевтің «Фариданинг икки минг қўшиғи» (Фариданың екі мың әні) және Аюб Шахобиддиновтың «Рангсиз тушлар» (бояусыз түстер) фильмдері қатысады. Екі фильм де «Өзбеккино» тапсырысы бойынша тапспаланған.
Осы орайда айта кететін жайт, Ёлқин Тойчиевтің туындысы АҚШ киноакадемиясының үздік кинематографиялық марапаты «Оскар» сыйлығының 93-ші реткі өтетін байқауындағы «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына Өзбекстан атынан ұсынылған, ал ресжиссер Аюб Шахобиддиновтың жалғыз басты әйел өмірін бейнелеген картинасы өткен жылы Бангладеш халықаралық кинофестивалінде «Үздік сценарий» номинациясынның лауреаты атанған.