Өзбекстандық БАҚ өкілдері «Абай» медалімен марапатталды
Ташкентте өзбекстандық БАҚ өкілдері қазақтың біртуар тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына атап шығарылған «Абай» медалімен марапатталды.
Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Бас ғимаратында шара өтіп, онда екі елдің байланыстары мен қарым-қатынасы жайлы кеңінен жарытып, бауырлас елдердің арасын одан әрмен жақындатуға атсалысқан бір топ шығармашыл жандар мен БАҚ өкілдері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына атап шығарылған «Абай» медалімен марапатталды.

Айтулы шарада Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Амангелдіұлы өзбек пен қазақ халықтарының бірлігін нығайтуға үлес қосқан жандарға медалді табыстай отырып, арнай «Алғыс хатпен» құттықтады.