Өзбекстандықтар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қанша күн демалады?
Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығы жарияланды.
Өзбекстан Республикасы Президенті жарлығына байланысты өзбекстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, -аптасында 5 күндік жұмыс істейтіндер – 31 тамыздан 3 қыркүйекке дейін (4 күн) демалады.
- аптасында 6 күндік жұмыс істейтіндер – 1, 2 қыркүйек күндері (2 күн) демалатын болып бекітілді.
Атап айтқанда: 31 тамыз (сенбі) – күнтізбе бойынша демалыс күні (6 күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні)
- 1 қыркүйек (жексенбі) – Тәуелсіздік күні жұмыс істемейтін демалыс күні;
- 2 қыркүйек (дүйсенбі) – қосымша жұмыс істемейтін демалыс күні;
- 3 қыркүйек (сейсенбі) – 7 қыркүйек, сенбі күнінен көшірілген демалыс күні (6 күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні)