Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өзбекстандықтар қанша күн демалады?
Демалыс жариялау тәртібі азаматтардың ресми мейрам күндерін мерекелеу кезінде толық демалуына жағдай жасау жөніндегі Президент қаулысына сай жарияланды
Өзбекстанда биыл Тәуелсіздіктің 29 жылдық мерекесі қарсаңында 3 күн демалыс жарияланды.
3 күндік демалысты жариялау тәртібі азаматтардың ресми мейрам күндерін мерекелеу кезінде толық демалуына жағдай жасау мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № ПФ-5875 Жарлығына сәйкес 29 тамыз - сенбі 31 тамыз – дүйсенбі күнгі жұмыс күнімен ауыстырылады. Соған орай 29 тамыз – аптаның сенбі күні барлығы үшін жұмыс күні болып есептеледі. 31 тамыз – дүйсенбі демалыс.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өзбекстандықтар қатарынан үш күн демалады:
30 тамыз - жексенбі (демалыс күні);
31 тамыз - дүйсенбі (барлығы үшін демалыс күні);
1 қыркүйек - сейсенбі (Тәуелсіздік мерекесі).