Өзбекстан мен АҚШ әскери әуе күштері өзара тәжірибе алмасты
Америка Құрама Штаттары Әуе күштерінің әскери делегациясы Өзбекстанның Әуе қорғанысы министрлігімен тәжірибе алмасу үшін қонақ ретінде сапарлап келген болатын.
Америка Құрама Штаттары Әуе күштерінің әскери делегациясы Өзбекстанның Әуе қорғанысы министрлігімен тәжірибе алмасу үшін қонақ ретінде сапарлап келген болатын.
Осы сапар аясында, Өзбекстан Әскери-әуе күштеріне тиісті әскери бөлімдерінің бірінде орналасқан әскери әуежайда екі ел әскерлері бірлескен түрде, әр түрлі жаттығулар мен ұшуларды орындады.
Әуедегі ұшуларға байланысты АҚШ әскерлери мамандары өздерінің теориялық білімдерімен ортақтасып, өзбекстандық ұшқыштар маңызды ақпаратты сынап көру мақсатында арнайы екі тік ұшақпен әуеде ұшулар өткізді.
Әуедегі бұл ұшу жаттығулары өте төмен биіктікте, күрлделі болған аймақтарда орындалып, оған ең тәжірибелі болған ұшқыштар қатысты. Сонымен қатар өзбекстандық әуе қорғаныс әскерлері АҚШ-тан келген әріптес әскери әуе ұшқыштарына биік тау шатқалдарында ұшуларды орындап өз тәжірибелерімен бөлісті.






Өзбекстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабары