Өзбекстандық мергендер «АрМИ-2019» байқауына қатысады
Беларусь Республикасында өтетін«АрМИ-2019» халқаралық әскери мергендер бәйгесіне өзбекстандық әскерлер де қатысады.
«АрМИ-2019» халқаралық әскери жарыстар аясында Беларусь Республикасында өтетін мергендер бәйгесіне өзбекстандық әскерлер де қатысады. Қазіргі кезде Шығыс әскери округінде беделді жарысқа дайындалуда.
Бұл жайында Қорғаныс министрінің баспасөз қызметі ӨзА ақпараттық агенттігіне хабарлаған.
Аталмыш шараның өткен жылғы татысты кезеңінде Қорғаныс министрлігінің әскеи қызметшілерінен құралған ел өкілдері 18 елдің 19 командасында төртінші орынды иелеген.

Биылғы ұймдастырылып жатқан шараға қатысу үшін 8 сұр мерген әскери қызметкер Ферғана жаттығу алаңында дайындалып жатыр.
Бұл сайыс негізінен үш бағыт бойынша өтеді. Әр бір кезеңі әр түрлі жаттығулардан тұрады. Жарыстың қорытынды нәтижелері жарыс шарттарында жиналған ұпайлардың жалпы нәтижесі бойынша анықталады.

