Өзбекстандық футболшы Италия А Сериясының «Дженоа» клубына өтуде
«Дженоа» клубы Элдар Шамуродовтың бағасын барлық бонустарды қоса есептегенде 9 миллион еуроға дейін көтеген
Ресей Премьер лигасының «Растов» клубы өзбекстандық шабуылшы Элдар Шамурадовты Италия А Сериясының «Дженоа» клубына сатуға келісім берді.
«Спорт Экспресс» басылымының хабарлауынша, «Ростов» клубының басшылығы итальяндық клубтың шабуылшыға 8 миллион еуролық ұсынысын бастапқыда қабылдамаған. Бірақ көп ұзамай, келіссөздер барысында «Дженоа» клубы Элдар Шамуродовтың бағасын барлық бонустарды қоса есептегенде 9 миллион еуроға дейін көтеген. Ал бұл ұсынысты «Ростов» басшылығы қабылдап, келісімге дайын екенін айтқан.
Келісімге сәйкес ресейлік клуб Элдар Шамуродовтың келесі трансфертінен түскен қаржының 15 пайызын алады. Қазіргі кезде тараптар арасында өзбекстандық шабуылшының трансфері үшін төленетін жалпы соманың қаншаға бөліп төленетіні туралы келісімді қоспағанда, барлық мәселелер бойынша ортақ шешімге келген.
2017 жылдан бері «Ростов» сапында ойнап келе жатқан 25 жасты Элдар Шамуродов өткен маусымда 11 гол соғып сұрмергендер қатарынан орын алды. Ойыншының клубпен арадағы келісімшарты 2024 жылға дейін жасалған еді. Бұған дейін «Transfermarkt» шабуылшының трансферлік бағасын 6,5 миллион еуроға бағалаған болатын.