Өзбекстандық футболшы Мәскеудің «Спартак» клубына өтті
Ресей премьер-лигасының танымал футбол клубы «Спартак» бүгін ресми түрде өзбекстандық 19 жасты аладоп шеберін өз сапына қосып алғанын жариялады
Ташкенттің «Пахтакор» клубы академиясының тәрбиеленушісі Остон Урунов Мәскеудің «Спартак» клубы мен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Ресей премьер-лигасының танымал футбол клубы «Спартак» бүгін ресми түрде өзбекстандық 19 жасты аладоп шеберін өз сапына қосып алғанын жариялады.
Жоғары лигадағы ойындарын Өзбекстанның «Навбахор» клубынан бастаған Урунов, Ташкенттің «Локомотив» клубынан осы жыл басында Ресей премьер-лигасының «Уфа» клубын ауысқан еді. Жас легионер бұл клубта 10 кездесуде алаңға шығып өте жақсы ойын көрсетті.
Осы аралықта РПЛ-ның «Спартак» клубынан бөлек «Зенит» «Краснодар», «Локомотив» клубтары Уруновқа қызығушылық танытқан еді, бірақ жартылай қорғаушы «Спартак» клубын таңдаған. Келісімшарт мерзімі мен трансфер сомасы жайлы ойыншының жеке келісімі бойынша бұл мәліметтер айтылған жоқ. Алайда осыған дейінгі мәліметтер бойынша мәскеулік клуб «Уфа» басшылығына 2 миллион еуро беруге дайын екенін жетізіп, футболшыға жылдық 600 мың еуро жалақы төлеуі айтылған болатын.