Өзбекстандық аспаздар 797 келі лағман асып әлемдік рекордты жаңартты
Фестивалге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Грузия, Ресей, Татарстан, Әзірбайжан және Дағыстаннан келген дәстүрлі өнер шеберлері қатысты
Мәскеуде 13-16 ақпан күндері III халықаралық мәдениеттер фестивалі өтіп, онда Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Грузия, Ресей, Татарстан, Әзірбайжан және Дағыстаннан келген дәстүрлі өнер шеберлері қатысты.
Айтулы шарада Өзбекстандық аспаздар 797 келі салмақта лағман асып әлемдік рекордты жаңартты. Осылайша келесіде ұйымдастырылар осындай фестивалдер тағыда қызықты өтуіне ықпал етті деседе болады. Бұған дейінгі «Интеррекорд» халықаралық рекордтар кітапшасында 2015 жыл Алматы қаласында жасалған болып, онда аспаздар 687 келі лағман асы дайындаған екен.

Фестивальде аспаздардан басқа қолөнершілер Бұхара кілемдерін, Риштан және Гиждуван керамикаларынан жасалған заттар мен зергерлік бұйымдарын, чуст пышақтарын, Марғилан жібектерін және басқа да қолөнер бұйымдарын көрерменге тарту етті.

