2021 жылдың 23 шілдесі күні Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда елдегі ірі саяси жағдай - Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау процесі басталғаны жарияланды.
Осы жағдайға байланысты бүгінге дейін елдегі 5 саяси партия өз кандидаттарын толықтай ұсынды.
Экологиялық партия. Президенттік сайлауда кандидат ретінде Экологиялық партияның Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Нарзулла Обломуродовтың кандидатурасы ұсынылды.
«Адолат» социал -демократиялық партиясы. Президенттік сайлауда кандидат ретінде партияның саяси кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, Бахром Абдухалимов ұсынылған.
«Милли Тикланиш» демократиялық партиясы. Президенттік сайлауда осы партияның саяси кеңесінің төрағасы, «Олий Мажлис» Заң шығару палатасы төрағасының орынбасары Алишер Қодировтың кандидатурасы ұсынылды.
Халық демократиялық партиясы. Бұл партия елдегі президенттік сайлауда кандидат ретінде Мақсуда Ворисованы ұсынған.
Өзбекстан Либерал -демократиялық партиясы. 7 тамызда кезектен тыс өткен пленумда Өзбекстан Либерал -демократиялық партиясы елдегі президенттік сайлауда Шавкат Мирзияевті кандидат етіп ұсынды.