2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда жұмыссыздық деңгейі 8,8 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеген.
Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбек ресурстарының саны 19,4 млн адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға немесе 153,7 мың адамға көп.
Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 13,7 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайызға немесе 261,3 мың адамға өскен.
1 маусымдағы жағдай бойынша ресми секторда жұмыспен қамтылғандар саны 6 млн адамды құрады, ал 2021 жылға қарағанда заңды тұлғалар арсында жұмыспен қамтылғандар саны 4,1 пайызға немесе 240,6 мың адамға өсті.
Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар саны 5,6 млн адамды құраған болып, 2021 жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға немесе 507,5 мың адамға азайған.
Шетелге жұмыс істеуге кеткендер саны 2 млн кісіні құрады және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 528,2 мың адамға артуы бейресми жұмыс орындарының азаюына себеп болды.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жұмысқа мұқтаждардың жалпы саны 1,3 миллион адамды құраса, экономикалық жұмысқа қабілетті халық арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,8 пайызды құраған. 16-30 жас аралығындағы жұмыссыздық деңгейі 14,5 пайызды, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 12,8 пайызды құрады.