Өзбекстандағы барлық халықаралық әуежайларда ұшақтардың қозғалысын таспаға түсіруге рұқсат беріледі.
Өзбекстанның имиджін, туристік әлеуетін және инвестициялық тартымдылығын арттыру, елдің әуежайлары мен авиакомпанияларын әлемдік қауымдастыққа таныстыру мақсатында осы жылдың 26 қаңтарында Министрлер Кабинетінің «Авиаспортингті дамыту үшін жағдай жасау шаралары туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Өзбекстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиаспоттинг – көрсетілген тәртіпке сай әуежайларда ұшақтар қозғалысы мен ұшуын бақылауға, сондай-ақ кәсіпқой және әуесқой суретшілер фото және видеоға түсіруіне рұқсат беріледі.
Елдегі барлық халықаралық әуежайлардың аумағында, олардың басқару нысанына қарамастан, сондай-ақ шектес аумақтардағы ұшу қауіпсіздігі талаптарын, Халықаралық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарын және алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе негізінде, авиаспоттинг жаттығулары үшін мамандандырылған орындар кезең-кезеңімен бөлінеді.