Өзбекстандағы вакциналар қоры 14,5 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы вакциналардың жалпы қоры 14 миллион 580 мың 60 дозаға жетті. Олар қатарында Спутник V, AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, Moderna вакциналары орын алған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қытайлық «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясының Өзбекстанда 3-кезеңдік медициналық сынақтан сәтті өткен ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының кезекті 1 миллион дозасы 6 тамыз күні Қытайдан Ташкентке әкелінді.
Қазіргі уақытта елдегі өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының жалпы қоры 10,5 миллионға жетті. Ал республикада коронавирусқа қарсы қолданыстағы вакциналардың жапы қоры 14,5 миллион дозадан асты.
Олардан:
- 370 мың доза Спутник V,
- 710 мың доза AstraZeneca,
- 10,5 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
- 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.
Еске сала кетейік, қазірге жейін вакцинаның 9 миллионнан астам дозасы вакцинация процедураларында қолданылды.