Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы вакцинация процесінде 50 млн дозадан астам екпе қолданылды
11:35 / 2022-04-16

Өзбекстанда халықты жаппай вакцинациялау науқаны 2021 жылдың 1 сәуір күнінен басталған болатын. Бүгінге дейін республикада 50 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 15 сәуір күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 133 973 доза вакцина қолданылған.

Қазіргі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 060 812 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 065 789, ІІ компонентін 16 121 349, ІІІ компонентін алғандар 13 873 674 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакциналау процесінің қарқынды жүріп жатқан аймақтар арасында Самарқанда облысы көш бастап тұр. Аймақта бүгінге дейін 5 876 012 доза вакцина қолданылған.

Республика бойынша екпеге қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 93,5 пайызды, ал толық қабылдағандар саны 75,7 пайызды құрауда.