English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы вакцина қоры 5,4 млн дозаға жетті
10:06 / 2021-06-11

Өзбекстанда вакцинация науқаны басталғалы елге әкелінген вакцинаның жалпы қоры 5,4 млн дозаға жетті.

ДСМ-нің хабарлауынша, 10 маусымға қараған түні Ташкент халықаралық әуежайына Спутник V вакцинасының кезекті 70 мың дозадан тұратын екінші компонент және 1 миллион доза өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы жеткізілді.

ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының кезекті құрамы Өзбекстанға жеткен 5-ші партиясы болды.

Осылайша Өзбекстандағы вакцина қоры 5,4 млн дозаға жетіп, бүгінгі таңда елдегі вакцинация аясында 2,4 миллионнан астам доза қолданылған.