Өзбекстандағы университет халықаралық рейтингте «ТОП-100» қатарына енді
«World’s Universities with Real Impact» халықаралық рейтингінің ТОП-100 тізімі жарияланды. Бұл тізімге Ташкент мемлекеттік заң университеті де қосылды.
Рейтинг қорытындысы бойынша Ташкент мемлекеттік заң университеті студенттердің ұтқырлығы мен ашықтығы бойынша 51-ші, жалпы әлемдік рейтингте 101-ші орынды иеленді.
«World’s Universities with Real Impact» халықаралық рейтингі – Америка, Азия, Еуропа және Африка елдерінің ең беделді университеттері ұйымдастырған жаһандық рейтинг.
Бұл рейтинг университеттерді бес бағыт бойынша – индустриялық бағдарламалар, жаңа стартап бағдарламалары және кәсіпкерлік, этикалық құндылықтар, студенттердің ұтқырлығы мен белсенділігі, дағдарысты басқару және төртінші өнеркәсіптік революция бойынша үздік инновациялық жобалар арқылы бағалайды. 2023 жылы рейтингте 800-ден астам инновациялық жоба қарастырылған.