Өзбекстандағы туристік көлік дәлізі бойында керуен сарайлар салынады
Мемлекет басшысы «Ішкі туризм қызметтерін деверсификация жасау бойынша қосымша шаралар туралы» қаулыға қол қойды.
Туризм және мәдени мұра министрлігі, Экономикалық даму және кедейшілікті азайту министрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Су шаруашылығы министрлігі жұмыс тобының «Өзбекстан туристік магистралі» туристік көлік дәлізі бойындағы автокөлік жолдары мен жол бойындағы инфрақұрылымның жай-күйін зерделеу жөніндегі ұсыныстарына сәйкес, белгіленген тәртіппен туристік көлік дәлізі бойындағы жерлерді сату және автокөлік жолдарының бойында заманауи талаптарға сай «Керуен сарайлар» құру туралы ұсыныстар мақұлданды.
Туристік көлік дәлізі бойында туристік қызмет көрсету нысандары Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Құрылыс министрлігі әзірлеп, бекіткен типтік жобалар негізінде салынатыны айтылды.
Мұнда:
- әрбір «Керуен сарайдың» сыртқы келбеті дәстүрлі сәулет өнері мен ауданның ерекшелігін ескере отырып жасалғаны;
- әрбір «Керуен сарайда» туристік қызметтердің, қолөнер бұйымдарының және жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы, автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде электромобильдерді қоса алғанда, автотұрақ пен заманауи санитарлық-гигиеналық станциялардың болуы;
- Жалпыұлттық «Жасыл кеңістік» жобасы аясында әр керуен сарайдың айналасына ағаштар мен көшет отырғызу жоспарланған.