Өзбекстан аумағындағы табиғи апаттардан жыл сайын орта есеппен 1,4 млн адам зардап шегіп, шамамен 3 млрд доллар шығын келеді.
Бұл туралы Экономикалық даму және кедейшілікті азайту министрлігінің Дүниежүзілік банкпен және Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп «Төтенше жағдайларға ден қоюды күшейту арқылы климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында айтылды.

Осы жиында Өзбекстандағы табиғи апаттардың жыл сайын орта есеппен 1,4 миллион адамға әсер етіп, 3 миллиард долларға жуық шығын әкелетіні атап өтілді. Климаттың өзгеруі табиғи апаттардың, әсіресе құрғақшылықтың, су тасқынының және көшкіндердің қаупін арттырады деп болжануда. Үлкен су тасқыны елдің ЖІӨ-нің шамамен 5 пайызына зиян тигізуі мүмкін, ал қатты құрғақшылық дәл осындай ауыр экономикалық зардаптарға әкеледі.
Дөңгелек үстелге қатысқан «Узгидрометтің» жобаларды дайындау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Наталья Агалцеваның айтуынша, климаттық сценарийлердің болжамдары мен болашақтағы климаттық өзгерістердің модельдері оның елде қалай дамып жатқанына және климаттың өзгеруін азайту бойынша атқарылған жұмыстарға байланысты болып келесі ғасырда жағдайға байланысты температура қайтадан 1,5 және 3 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін көрсетеді, деген.