Өзбекстандағы құрылыс компанияларының желілік рейтингі жасақталды
Өзбекстан аумағында қызмет көрсететін құрылыс мердігер компаниялардың рейтингі жасақталды.
Құрылыс министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ел аумағында 36,2 мыңға жуық компания өз қызметін жолға қойған болып оларды «reyting.mc.uz» сайтынан көруге болады.
Құрылыс мердігер компаниялардың рейтингінде олардың әлеуеті 71 индикаторды қамтитын 6 топтан тұратын критерийлермен өлшенеді. Әрбір компанияларының деңгейін ЖСН бойынша (9 сан арқылы) анықтауға болады.
Ал, қуаттылықты анықтауда білікті мамандар, қаржылық көрсеткіштер, орындалған жұмыстардың сапасы, жұмыс тәжірибесі, техникалық база, бәсекеге қабілеттілік сияқты құрылыстың жоғары сапасын қамтамасыз ететін критерийлер маңызды, делінген хабарламада.