Өзбекстандағы қонақүйлерге арналған жеңілдіктер мен преференциялар 2021 жылға дейін ұзартылады.
Мемлекеттік туризмді дамыту комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов Өзбекстан қонақ үй қауымдастығының мүшелері - Ташкенттегі ірі қонақ үйлердің иелері және бас менеджерлерімен кездесдесу өткізді.
Туризм комитеттің баспасөз қызметі хабарлауынша, кездесуде Азиз Абдухакимовтың қазіргі уақытта қонақ үйлер қызметін жандандыруы мүмкін болған қажылық туризмін дамыту бойынша жобалар әзірленіп жатқанын айтып, осы жобаға байланысты Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан және Бангладештің жетекші діни қайраткерлерімен Өзбекстанға туристердің жаңа легін ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеген.
Жиын қорытындысына орай қонақжайлылық индустриясы үшін жеңілдіктер мен преференциялар мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзарту және санитарлық нормалар мен ережелердің бірыңғай жүйесін бекіту туралы шешім қабылданды, делінген хабарламада.