ӨР Халыққа білім беру министрлігі бұл шараны ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, барлық мектептерге жібергенін мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, 2022 жылдың 25 мамырында барлық жалпы орта білім беретін мектептерде 2021-2022 оқу жылын аяқтайтын «Соңғы қоңырау» шарасы өтеді. Ол мектеп ауласының бақшасында немесе салқын, ашық жерлерде ұйымдастырылады. Осы уақыт аралығында мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Мектептерде іс-шара ұсынылған сценарий бойынша сағат 8:00-ден 8:45-ке дейін өтеді. Онда жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен және ең жоғары рейтингтерге қол жеткізген дарынды оқушылар марапатталып, ынталандырылады.
«Соңғы қоңырау» іс-шаралары, кезеңдік бақылау емтиханы мен қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезінде оқушылар мен бітірушілер және олардың ата-аналарынан жаңа оқу жылына дайындық кезінде түрлі ақша жинау жағдайына қатаң тыйым салынғанын естеріңізге саламыз», - делінген министрлік хабарында.