English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы мектептерде Science пәні енгізілетін болады
14:51 / 2020-11-05

Өзбекстан мектептерінде 2021-2022 оқу жылынан бастап 1-6 сыныптарда жаратылыстану ғылымдарын біріктіретін Science пәні енгізіледі.

Республикалық білім орталығының хабарлауынша, бірқатар дамыған елдердің білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылымдары (биология, география, химия, физика) 1-6 сыныптарда Science бағдарламасы негізінде оқытылады. Алдағы уақытта Өзбекстанда да, осы ғылыми бағыт бойынша пән енгізілетін болып, Республикалық білім орталығы тарапынан ұлттық оқу жоспарының (ҒЫЛЫМ) жобасын жасап, талқыға ұсынған.

Science пәні қазіргі кезде мектеп қабырғасындағы 1-2 сыныптардың оқу процесінде бар «Қоршаған әлем», 3-4 сыныптарда «Жаратылыстану», ал жоғарғы сыныптарда бөлек 4 пән, яғни география, биология, физика (6-сыныптан бастап), химия (7-сыныптан бастап) оқытылатын пәндерді біріктіреді.

Science пәнінің артықшылығы мен маңыздылығы, оқушы мұны оқу арқылы ғаламның тұтастығын түсініп қана қоймай, ғылыми дүниетанымы қалыптасады, зерттеушілік қабілеттері дамиды. Нәтижесінде PISA, TIMSS сияқты халықаралық зерттеу процестеріне белсене қатысу мүмкіндіктері кеңейе түспек.