Өзбекстандағы мектептерде сабақтар толықтай дәстүрлі түрде басталады
Жаңа оқу жылы мектептерде сабақтар толықтай дәстүрлі түрде басталады, ал уақытша жабылған мектептер үшін теледидарда (онлайн) сабақтар жалғасады.
Халықтық білім министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан мектептерінде сабақтар 6 қыркүйектен дәстүрлі түрде басталады.
Ақпаратқа сәйкес, баланы қашықтықтан оқу процесіне уақытша тартуға тек келесі жағдайлар себеп болуы мүмкін:
өзі немесе оның отбасы мүшелерінің бірі COVID-19, уақытша емделіп жатқан оушылар үшін;
оқу жылы барысында мұғалім мен оқушының арасында коронавирус анықталған және уақытша карантинге алынған сынып немесе мектептер үшін.
Сонымен қатар, уақытша басқа жерде білімін жалғастыра алмайтын мектеп оқушылары онлайн режимінде оқи алады.
Осы санатқа жататын оқушыларға арналған сабақтар «Онлайн мектеп» жобасы аясында МТРК телеарналары арқылы жалғасады.