Өзбекстандағы мектептерде 2020/2021 оқу жылына арналған кезеңдік бақылау және қорытынды мемлекеттік емтихандар өтеді. Бұл туралы Халыққа білім беру министрлігінің ақпараттық қызметінің жетекшісі Лайло Рустамова хабарлады.
2019/2020 оқу жылында коронавирустық пандемияға байланысты бұл емтихандар болмады және бағалар үшінші тоқсандағы баллдарға негізделген болатын.
Лайло Рустамованың айтуынша, емтихандар денсаулықты сақтау және карантин ережелерін қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Атап айтқанда, емтихан алдында білім беру мекемелерінде дезинфекция жүргізіледі, оқушылар емтихандарға саниралы-гигиена ережелеріне сәйкес қорғаныс құралымен (медициналық маскада) қатысады, олардың дене температурасын медициналық персонал ғимаратқа кірер алдында тексереді.
26 мамыр мен 2 маусым аралығында 5, 6, 7, 8 және 10 сынып оқушыларына кезеңдік бақылау емтихандары өтеді.
26 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11 сынып түлектеріне арналған қорытынды мемлекеттік емтихандар ауызша, жазбаша және тест түрде өтеді.
Әрбір мектепте емтихан басталардан кем дегенде 10 күн бұрын емтихан кестесі жарияланатын болады.