Өзбекстандағы мектеп пен балабақшаларда заңгерлік қызмет көрсетіледі
2022 жы 1 тамыздан бастап Өзбекстандағы мектеп пен балабақшаларда заңгерлік қызмет көрсету жолға қойылады. Бұл қызмет заңгерлік орталықтар тарапынан ұсынылмақ.
Мемлекет басшысының «Құқықтық қызмет көрсету орталықтарының қызметін одан әрі кеңейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 тамызынан бастап Заңдық қызмет көрсету орталықтары бірқатар аудандық деңгейдегі бөлімшелерге кезең-кезеңімен заңгерлік қызметін жолға қояды.
Атап айтқанда:
- махалла және ақсақалдарды қолдау бөлімі;
- ауыл шаруашылығы бөлімі;
- туризм және мәдени мұра бөлімі;
- спортты дамыту бөлімі;
- отбасы және қыз-келіншектер бөлімі;
- мемлекеттік салық инспекциясы;
- жұмыспен қамту орталығы;
- мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектептер;
- мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
- мемлекеттік көпсалалы орталық және отбасылық емханалар.
Осыған орай, 2022 жылдың 1 мамырына дейін «Э-хуқуқшунос» (заңгер) электронды жүйесіне техникалық қолдау көрсету және кеңес беру үшін Call-орталығы құрылады.
2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар және әкімдіктерге орталықтар тарапынан заң қызметтерін жолға қою бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.