Өзбекстандағы кәсіпорындарға капитал құю бойынша жетекші елдер белгілі болды
Өзбекстанда өз капиталының қатысуымен кәсіпорындар ашуда Ресей мен Қытай жетекшілік етуде.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда шетел капиталы қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 14 226 болды.
Оның 4576-сы бірлескен кәсіпорын болса, 9650-і шетелдік кәсіпорындар.
Шетел капиталының қатысуымен ең белсенді кәсіпорындардың саны:
— Ресей – 3019
— Қытай – 2501
— Түркия – 1886
— Қазақстан – 1102
— Оңтүстік Корея – 727
— АҚШ - 311
— Тәжікстан – 307
— Қырғыз Р. - 280
— Әзірбайжан – 236
— Германия – 220
— Түрікменстан – 187.