Өзбекстандағы әкім көмекшілері Қытай тәжірибесін үйренеді
Өзбекстандағы әкімдердің көмекшісі тәжірибе алу үшін Қытайға сапарға аттанды.
Олар 2 апта бойы «Қытай тәжірибесі негізінде кедейлікті азайту» тақырыбында сарапшылардан білім алады. Осыған орай, Кедейлікпен күрес және халықты жұмыспен қамту министрлігі мен Қытай мемлекетінің кедейлікпен күрес жөніндегі халықаралық орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы келісімге сәйкес биылғы жылдың соңына дейін 200 әкім көмекшісі Қытай тәжірибесін зерттейтін болады.
Сапар алдында Кедейлікпен күрес және халықты жұмыспен қамту министрі Бехзод Мусаев қала әкімінің көмекшілерімен кездесіп, Қытайға аттанар 20 әкім көмекшісіне қысқа сапар барысында қажетті білім мен тәжірибе жинақтап, алдағы жұмыс процесінде сәтті қолдану бойынша қажетті тапсырмалар берді.