Өзбекстандағы жоғары оқу орындары 1 қаңтардан бастап апталық оқу күндерін тәуелсіз белгілейтін болды.
Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы «Жоғары оқу орындарындағы оқу процесін ұйымдастырумен байланысты жүйені жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жоғары оқу орындары құзыретіндегі техникумдарда білім беретін профессорлар мен оқытушылар еңбегіне сағаттық ақы төлеу, ЖОО-дағы студенттерге сабақ бергендегі сағатына төленетін ақы мөлшерінде жүзеге асырылады;
- оқу үрдісін ұйымдастырудағы апталық оқу күндерін ЖОО тәуелсіз түрде анықтайды;
- ЖОО-да болатын қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағалары тиісті университет ректорының (филиал директорының) бұйрығымен бекітіледі.
Сондай-ақ, Министрлер Кабинетінің қаулысында 2020/2021 оқу жылынан бастап Өзбекстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу процесі біртіндеп кредиттік-модульдік жүйеге көшетіні айтылған.
Жоғары оқу орындары кеңесінің шешімі негізінде профессорлар мен оқытушылар ЖОО-да 3 жылдық жұмыс келісімшартымен беделді шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру, 5 жылдық жұмыс келісімшартын ресімдеу арқылы үздік шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарында докторантура бағдарламасы бойынша оқуы мүмкін.