Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы ЖОО-ды ірі қалалар шетіне көшіру жоспарлануда
09:50 / 2021-01-02

Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі Министрлер кабинетінің 2020-2025 жылдарда ірі қалаларды дамыту жөніндегі шаралар бағдарламасы туралы қаулысының жобасын талқылауға жариялады.

Онда 2020-2025 жылдардар аралығында ірі қалалардағы қала құрылысының негізгі тұжырымдамалық бағыттары көрсетілген болып, ірі қалалардағы урбанизация процестерін одан әрі қарқындату халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін одан әрі жақсартуға көмектесетіні жайлы айтылған.

Атап айтқанда, «Студенттер қалашығын» қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған университеттерді ірі қалалардың шетіне көшіру және сол жерде жаңа жоғары оқу орындарын салу бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің (МБМ) қазіргі жағдайға сүйене отырып, қайта жөндеуден өткізу сондай-ақ халықтың өсу қарқынын ескере оларды болашақта жаңа МБМ-мен қамту жоспарлануда.