Өзбекстандағы ЖОО-да білім алатын студенттер саны қанша?
Өзбекстан аумағындағы жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер саны белгілі болды.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2020/21 оқу жылының басында республикадағы жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 571,5 мың адамды құрады.
Осы дерекке сай, студенттер арасында ер жігіттер саны 311,5 мың болса, қыздардың саны 260 мың болғаны айтылды.
Жалып елдегі 127 жоғары оқу орнының 88-інде студенттерге арналған жатақхана бар.