Өзбекстандағы ЖОО-да білім алатын шетелдік студенттердің саны 5 мыңға жетті
2022/23 оқу жылының басына қарай Өзбекстандағы жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 5 мыңға жеткен.
Статистика агенттігінің мәліметінше, республикадағы жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны келесідей:
- 2017/2018 оқу жылы – 1,3 мың адам;
- 2018/2019 оқу жылы – 2,7 мың адам;
- 2019/2020 оқу жылы – 3,6 мың адам;
- 2020/2021 оқу жылы – 4,2 мың адам;
- 2021/2022 оқу жылы – 5,1 мың адам;
- 2022/2023 оқу жылы – 5000 адам.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, ЮНЕСКО Статистика институтының мәліметі бойынша, шетелде оқитын өзбекстандық студенттердің саны 85 900 адамды құраған.