2023 жыл 1 мамырдан бастап Өзбекстандағы барлық газ құю бекеттерінде электронды өлшеу құралдары мен онлайн бейнекамералар мәжбүрлі түрде орнатылады.
«Құқықтық ақпарат» арнасының хабарлауынша, орнатылған электронды өлшеу құралдары мен камералар салық органдарының ақпараттық жүйесіне біріктірілмек.
Бұл туралы Мемлекет басшысының «Кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға бөлу өлшемдері және салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қабылданған жарлығында айтылған.
Оған сәйкес, 2023 жылдың 1 мамырынан бастап автокөліктерге газ толтыру компрессорлық станциялары мен автокөліктерге газ құю станцияларында электронды өлшеу құралдары мен онлайн бейнекамералар міндетті түрде орнатылады. Олар салық органдарының ақпараттық жүйелеріне тікелей қосылады.
Сонымен қатар, 2023 жылғы мемлекеттік бағдарламада газ (метан) құю бекеттерінде электронды есептегіштер орнату жоспарланған.
Бағдарламада Өзбекстандағы табиғи газ құю бекеттерінде көгілдір отын ұрлаумен күресудің жаңа механизмі іске қосылуы көзделген.