Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы барлық мектеп оқушыларына «Қызыл кітап» берілмек
18:53 / 2023-09-04

Өзбекстан тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарсаңында Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгерісі министрлігі «Қызыл кітаптің» 40 мың данасын басып шығарды.

Министрлік хабарлауынша, кітаптар Өзбекстанның барлық орта мектептеріне таратылуда. 

Қызыл кітап – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың, өсімдіктердің және саңырауқұлақтардың аннотацияланған тізімі.

Хабарда айтылуынша, Хорезм облысында 2000, Сырдария облысында 1250, Жызақта 2050, Науаида 1400, Қашқадария облысында 4000 кітап оқырмандарға жеткен.

«Қызыл кітапты» таратудағы мақсат – жас ұрпақтың бойында экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу екені айтылады.

Кітаптар Қарақалпақстан Республикасы және басқа облыстарға таратылады.