Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы банкоматтар саны 10 мыңнан асты
09:18 / 2020-12-28

Өзбекстанда орнатылған төлем терминалдарының саны 437 163 құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62 036 немесе 17% өскен.

Орталық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика бойынша орнатылған банкоматтар мен дүңгіршектер саны өткен жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 2 912-ге немесе 33% көбейіп, 11 621-ге жетті. Жаңартылған статистикаға сәйкес, Өзбекстандағы банкоматтар мен дүңгіршектердің 30 пайызы яғни 3036 данасы Капиталбанкке тиесілі.

Сонымен қатар, айналымдағы банк карталарының саны 26 миллионнан асты, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9 миллионға өскен.