Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы балабақшаларда бірқатар карантиндік шектеулер енгізілді
10:22 / 2022-01-12

Өзбекстан аумағындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде карантин ережелері қатаң сақталады.

Мектепке дейінгі білім министрлігінің хабарлаунша, бұл шектеулер республикаға коронавирустың омикрондық штаммы енгеннен кейін енгізілді.

«Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында COVID-19 пандемиясы кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын уақытша санитарлық-гигиеналық талаптар» қатаң сақталады.

Онда, мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде мерекелік шаралар өткізуге уақытша шектеу қойылады.

Ата-аналар мен сырттан келген қонақтарға кіруге рұқсат етілмейді (қажет болған жағдайда соңғы үш күндік ПТР тесті және вакцинация туралы сертификат болуы керек).

Жиындарға шектеу қойылады, қажет болған жағдайда кездесулерді бейнеконференция режимінде өткізу шаралары қабылданады.

Осы шектеулер бұзылған жағдайда тиісті тәртіпте жауапкершілік шаралары (айыппұл, сөгіс және т.б.) қолданылады.