Өзбекстандағы алғашқы жеке әуекомпания екі Airbus ұшағын жалға алды
Өзбекстанның «Qanot Sharq Airlines» әуекомпаниясы ұзақ мерзімді негізде «Air Lease Corporation» компаниясынан екі Airbus A320-200 ұшағын жалға алды.
АҚШ-тың «Air Lease Corporation» компаниясы екі Airbus A320-200 ұшағын Өзбекстанның жеке әуекомпаниясы «Qanot Sharq Airlines» компаниясына жалға бергенін жариялап, «
«Біз «Qanot Sharq Airlines» әуекомпаниясының атқарушы тобымен тығыз жұмыс істедік және алғашқы екі әуе кемесін жалға беру арқылы алғашқы өзбек стартап авиакомпаниясының ашылуына қатысқанымызға қуаныштымыз», - деген «Air Lease Corporation» маркетинг жөніндегі вице-президенті.
«Qanot Sharq Airline»s аймақтық әуежайлардан Ыстамбұл, Анкара (Түркия), Дубай (БАӘ), Джидда, Медина (Сауд Арабиясы), Мәскеу, Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) және Алматы (Қазақстан) қалаларына рейстер орындайды.