Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы алғашқы жеке әуе компаниясы «Airbus А320» ұшағын әкелді
11:28 / 2021-04-27

Өзбекстандағы алғашқы жеке әуе компания «Qanot sharq» өзінің «Airbus А320» ұшағын қабылдап алды.

Салтанатты рәсімде Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары - Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, «Qanot sharq» авиакомпаниясының негізін қалаушы Насир Абдугаффоров елдегі кәсіпкерлік субъектілері үшін жасалған қолайлықтар жеке авиакомпаниялардың қызметінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

20 жылдан астам уақыт ішінде «Qanot sharq» негізінен жүк тасу саласында қызмет атқарған болып, өткен мерзімде компания елде мен шетелдегі агенттіктердің үлкен желісін құрды және бүкіл жұмыс барысында 100 мың тоннадан астам жүк тасымалдады.

Өзбекстандағы алғашқы жеке әуе компания «Qanot sharq» бұған дейін ұзақ мерзімді негізде АҚШ-тың «Air Lease Corporation» компаниясынан екі Airbus A320-200 ұшағын жалға алған еді. 

Шарада Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов компанияның алдағы жұмысы жайлы баяндап: - Бүгін біз туризм мен көлік саласындағы тарихи күнге қатысып отырмыз. Біз мұны көптен күткен едік. Осы мәселелер жөнінде біз екі жыл бұрын компанияның бастамашыларымен оның жоспарлары туралы сөйлескен болатынбыз. Бүгін компания Ташкентке «Airbus A320» ұшағын алып келді. Компанияның жоспарына сәйкес, екінші «А 320» ұшағы алдағы 20 күнде жеткізіледі. Жыл соңына дейін тағыда екі «А 330» жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша компания құрамында үш «А 320» және үш «А 330» ұшақтары болады, деді министр.

[gallery-2182]

Салтанатты рәсімге қатысушылар «Ташкент – 3» әуежайына қонған алғашқы «Airbus A320» лайнерімен танысты.

Насиба Зиядуллаева