Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы алғашқы археологиялық парк «Арк» бекінісінде құрылады
16:26 / 2020-12-12

Өзбекстандағы алғашқы археологиялық парк Бұхара облысындағы «Арк» бекінісінде құрылатын болды.

Бұхара облысы әкімшілігінің мәдени мұра бөлімінің хабарлауынша, Өзбекстандағы алғашқы археологиялық саябақ ежелгі «Арк» бекінісінің 2,5 гектарлық археологиялық алаңында құрылды.

Археологиялық саябақтың жобасын Өзбекстандағы Орталық Азия халықаралық зерттеу институты әзірлеуде. Институттың көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, халықаралық сарапшылар Өзбекстандағы алғашқы археологиялық саябақтың жобасына ұсыныстар дайындап жатыр.

Құрылысы жоспарланған Өзбекстандағы алғашқы археологиялық саябақ аймақтағы туризмнің тарихы мен дамуына үлкен үлес қосып қана қоямай, аймаққа келетін жергілікті және шетелдік туристер үшін жаңа туристік бағыт болады.

«Арк» қамалы - Бұхараның ең көне тарихи сәулет ескерткіші болып, ол батыстан шығысқа қарай таралған алтыбұрышты еске түсіреді. Соңғы археологиялық қазба жұмыстарына сәйкес, қамал қабырғалары б.з.д. IV ғасырда салынған.