French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы 4 ЖОО Ұлыбританияның жас университеттері рейтингіне енді
10:22 / 2022-02-17

Өзбекстандағы 4 жоғары оқу орны алғаш рет Ұлыбританияның «Times Higher Education» агенттігінің «Young University Rankings – 2022» (жас университеттер рейтингі) тізіміне енді.

Білім беру сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясының хабарлауынша, бұл тізімге енген университеттер жаңа түрдегі статус – «Reporter» ретінде танылды.

Олар:

  • Ташкент мемлекеттік заң университеті;
  • Ташкент педиатриялық медицина институты;
  • Турин политехникалық университеті;
  • Үргеніш мемлекеттік университеті.

Осы мәртебе арқылы жоғарыда аталған университеттер әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне кіруге үміткер ретінде тағы бір үлкен қадам жасады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Young University Rankings 50 және одан кіші жастағы әлемдегі ең жақсы университеттердің тізімін жасайды. Тізім флагмандық World University Rankings сияқты 13 критерийге негізделген. 2022 жылғы рейтингке 539 университет еніп, оның 251-і «Reporter» мәртебесіне ие болды.