Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы 170-тен астам мәдени нысандар жеке меншікке өтеді
10:16 / 2021-01-24

Мәдениет және өнер саласындағы 170-тен астам мемлекеттік меншік нысандары қызмет түрін сақтау шартымен жеке меншік ретінде берілетін болады.

Әділет министрлігі хабарында айтылуынша, «Мәдениет және өнер саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде берілетін мемлекеттік меншік объектілерінің тізімін бекіту туралы» қаулы қабылданған болып, онда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде берілетін 172 мемлекеттік меншіктегі объектілердің тізімі жасалған.

Үкімет шешіміне сай нысандар, оның ішінде мәдени орталықтар, саябақтар және т.б, олардың қызметін сақтау шартымен беріледі.

Кәсіпкерлерге қосымша жағдай жасау үшін бұл мәдениет пен өнер саласына жақын болған:

  • қызмет;
  • шағын өндіріс;
  • коммерциялық қызметпен айналысуға рұқсат етілетін болады.

Мәдениет министрлігі мен «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің келісімінсіз кинотеатрлардың, мәдени орталықтардың, саябақтардың, театрлардың, балалар музыкалық және өнер мектептеріндегі жылжымайтын мүлікті жекешелендіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының резервінен жер алуға жол берілмейді, делінген хабарда.