Өзбекстандағы 10 университет әлемнің жетекші ЖОО-лар қатарына енді
Ұлыбританияның «Times Higher Education» агенттігі жасаған әлемдегі жетекші университеттер тізіміне Өзбекстанның 10 жоғары оқу орны енді.
Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің хабарлауынша, рейтингке алғаш рет репортер мәртебесі бар жоғары оқу орындары енген болып, олар агенттік қолдауына ие болған оқу орындарының арасынан іріктелген. Бұл тізімге енген 450 университет, орындар бойынша емес, алфавиттік ретпен тізімделген.
Сонымен, үздік рейтинг қатарына енген Өзбекстанның 10 жоғары оқу орны:
- Өзбекстан ұлттық университеті;
- Ташкент мемлекеттік заң университеті;
- Ташкент қаржы университеті;
- Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институты;
- Ташкент медициналық академиясы;
- Ташкент педиатриялық медицина институты;
- Ташкент фармацевтикалық институты;
- Ташкент мемлекеттік экономика университеті;
- Ташкенттегі Турин политехникалық университеті;
- Үргеніш мемлекеттік университеті.