French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны 600 мыңға жетті
14:01 / 2021-02-13

Өзбекстанда 597 мыңнан астам кісі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде мобильді қосымша, салық төлеушінің жеке кабинеті және салық органдарынан тіркеуден өтті.

Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тіркеу статистикасын жариялады. Қазіргі кезде ел аумағында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны 597 мыңнан астам болып, олардың көпшілігі тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында 137 120 адам, тұрмыстық қызмет саласында 172 179, тұтыну тауарлары өндірісі мен қызмет көрсетуде 66 579, өнеркәсіпте 99 555, ақпарат пен байланыс саласында 10 947 және әлеуметтік қызметтерде 110 705 адам тіркеуден өтіп жұмыс істеуде.