Өзбекстанда зираттарда қабірлерді қоршауға тыйым салынуы мүмкін
ӨР Министрлер Кабинетінің кейбір қарарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасы талқылауға қойылды.
Жарияланған құжат жобасы тәжірибеге енгізілсе, бейіттерді металл және басқа да затармен қоршауға (өсімдіктерден жасалған жасыл қоршаулардан басқа) тыйым салынады. Бұл ретте көрші бейіттердің аумақтары мен бос жатқан жер көлемін өз бетінше иелеп алуға жол берілмейді.
Жерлеуге рұқсатты зират басшысы (жетекшісі) медициналық мекемеден белгіленген тәртіппен берген қайтыс болу туралы куәлікті немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген белгіленген нысандағы тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана береді.
regulation.gov.uz порталында жарияланған талқылау 2022 жыл 1 қазанға дейін жалғасады.