French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жыл басынан бері газдан 28 адам қайтыс болды
10:24 / 2022-01-28

2022 жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанда газбен қатысты 16 жағдай тіркелген.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, Техникалық реттеу агенттігінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында 2022 жыл басынан 28 адам газдан уланып қайтыс болғаны және 9 адам уланғаны айтылды.

2021 жылы газға қатысты жағдай бойынша барлығы 74 оқиға анықталды. Олардың ішінде 128 бейбіт тұрғын қаза тауып, 67 тұрғын уланып қалған.

Сараптамаға сәйкес, газбен улану жағдайларының көпшілігі мына себептерге байланысты болуда:

  • азаматтардың газды және балама отынды (көмір, ағаш және т.б.) пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы;
  • стандартты емес (қолдан жасалған) немесе сертификаты жоқ жылыту пештері мен аспаптарын пайдалану;
  • жылыту пештерінің мұржасын дұрыс орнатпау;
  • газға немесе басқа балама отынға бейімделген жылыту пештерін демалатын (ұйықтау) үй бөлеміснде пайдалану;
  • ауа алмаспатын бөлмелерді жылыту үшін ашық оттан (көмір және ағаш көмірі) пайдалану;
  • ауа алмасу желдеткіш біліктер немесе тесікшелерді жауып қою салдарынан.