Өзбекстанда жыл басынан бері ең көп шығарылған көлік белгілі болды
Өзбекстанда жыл басынан бері 11 айда ең көп Cobalt автокөлігі шығарылды.
Автокөлік өнеркәсібінде Cobalt 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шығарылған жеңіл автомобильдер саны бойынша бірінші орынды иеленді – 90 239 дана.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, келесі орындарды сәйкесінше 80 478 және 65 456 дана көлемінде шығарылған Lacetti-Gentra және Damas автокөлігі иеленген.
Жыл басынан бері шығарылған көліктер саны:
- Nexia T-250 - 20 853 дана;
- Spark - 13 312;
- Трекер – 4 916;
- Volkswagen Caddy - 423;
- арнайы автокөліктер – 18 616 дана.