Өзбекстанда жыл басынан бері 6 жаңа электр станциясы іске қосылды
2022 жыл басынан бері Өзбекстанда жалпы қуаты 1254 МВт болатын алты жаңа электр станциясы іске қосылды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңадан іске қосылған электр станциялардың бесеуі жылу электр станция (ЖЭС) және бір күн фотоэлектр станция (КЭС).
- Бұхара облысы «Бұхара» ауданындағы газ поршенді ЖЭС — 270 МВт;
- Ташкент облысы «Қыбрай» ауданындағы бу-газ қондырғысы — 240 МВт;
- Хорезм облысының «Янгарык» ауданындағы ЖЭС — 174 МВт;
- Ташкент облысы «Қыбрай» ауданындағы газ поршенді ЖЭС — 230 МВт;
- Ташкент облысы «Қыбрай» ауданындағы заманауи ЖЭС — 240 МВт;
- Самарқанд облысы, «Нурабад» ауданындағы күн фотоэлектр станциясы — 100 МВт.
Министрліктің мәліметінше, Сырдария ауданында жаңа электр станциясының құрылысы басталады.