Өзбекстанда ЖОО-ға түсу тест сынақтары 1 тамыздан басталады
5 түрлі мамандықтарды таңдауға мүмкіндік берілген және тест сынақтарында қиын сұрақтар 50 пайызға дейін қысқаратылған
Өзбекстанда 2020/2021 оқу жылының жоғары оқу орыдарына кіру емтихандары 1 тамыздан басталады.
Биыл талапкерлерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған болып, онда 5 түрлі мамандықтарды таңдауға мүмкіндік берілген және тест сынақтарында қиын сұрақтар 50 пайызға дейін қысқаратылған.
Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жастарға, әскери қолбасшыларға, әскери қызметшілердің балаларына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, тұрмысы төмен қыз-келіншектерге, Сух ауданының жастарына жалпы 8,694 жеңілдетілген мемлекеттік гранттар бөлінген.
Сондай-ақ биылғы тест сынақтары екі мамандық пәні бойынша тапсырылатын болып, соның өзінен бұрынғыша 189 балл жинау мүмкіндігі бар.
Бакалавр бағыты бойынша құжаттар 20 маусым мен 20 шілде аралығында қабылданады.
Магистратураға 2020-2021 оқу жылына түсуге құжат 1 шілдеден басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Кіру емтихандары 3-15 тамыз аралығында өткізу жоспарланған.