Өзбекстанда жоғалған заттарды енді онлайн табуға болады
Өзбекстанда жоғалған заттарды енді Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы онлайн табуға болады.
Портал ақпараттық қызметінің хабарлауынша, ол үшін «My.gov.uz» сайты арқылы «Анықтамалар, жоғалған заттар мен құжаттарды анықтау қызметі» арқылы өтініш беруге болатыны атап өтілген. Сіздің жоғалған затыңыз 2 ай ішінде тиісті ақпараттық жүйелер арқылы іздестіріледі.
Егер азаматтың заты осы мерзім ішінде табылмаса, онда ол ең төменгі жалақының 4 пайыз мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жоғалған заттың табылмағаны туралы анықтама алуы мүмкін.