Өзбекстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді
2023 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанда жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызды құрады.
Кедейлікпен күрес және жұмыспен қамту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген.
2023 жылдың желтоқсан айында министрлікке қарасты Еңбек нарығын зерттеу институты республиканың 208 қаласы мен ауданында кезекті әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстары негізінде жүргізілген зерттеу барысында 1 мың өзін-өзі басқару органы, 10 мың үй шаруашылығы және 53 300 азамат қамтылған.
2024 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек ресурстарының саны 19 млн 724 мың 900 адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 207 мың 400 адамға (1,1%) өскен.