Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жержаңғақтың жаңа сорты жасалды
10:40 / 2023-10-18

Өзбекстанда жержаңғақтың жаңа сорты жасалып, оның өнімділігі 6,5 тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы факультетінің профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Махфират Аманова 17 жылдан бері жержаңғақтың жаңа түрін жасау мақсатында бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.

Ғалым әлемдік нарық пен жергілікті шаруа қожалықтарының сұранысын қанағаттандыра алатын, ерте пісетін, өнімді, ірі қызыл тұқымды, майлы және ақуызға бай жержаңғақ «Лидер» сортын жасап, мемлекеттік тіркеуден өткізді.

«Лидер» сортты жержаңғақ американдық, үнділік және қытайлық сорттармен толықтай бәсекелесе алады. Бұл сорттың өнімділігі 6,5 тоннаны құрайды.